Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЕАЭО ҚЫЗМЕТІН ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ КЕРЕК»

c 20:07, 01/07/2022 c 1398

0:00 / 0:00

Ресейге салынып отырған санкциялық текетірес Еуразиялық экономикалық одақ қызметін трансформациялауды талап етеді. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесіндегі Қазақстан Республикасы» атты халықаралық конференция барысында осылай деді. Биыл тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық қызметіне 30 жыл толып отыр.

Тәуелсіз экономистердің бағалауынша, Қазақстанның ЕАЭО аясында ұтқанынан, ұтылғаны көп. Мысалы 2018 жылы Қазақстан өз тауарлары мен қызметтерін "одақтастарына" мардымсыз 5,9 миллиард доллар көлемінде ғана өткізе алған. Отандық экспорттың өзара саудадағы үлесі небары 30,8%-ды ғана құрайды. Бұл көрсеткіш кейінгі екі-үш жылда да айтарлықтай өзгерген жоқ. Еуразиялық одақ елдері қатарында барлық мүшелер аталғанымен, шынында, бұл аймақтағы нарықты ен жайлап отырғаны – Ресей. Ал Украинадағы соғыс басталғалы батыс елдерінің Ресейге салған санкциялары Қазақстан экономикасына да кері әсер етіп отыр. Бірден импортпен келетін азық-түлік түрлері қымбаттап, тапшылық та орын алуда. Құрылыс материалдарының да бағасы шарықтап шыға келді. АҚШ-ң шектеулеріне іліккен ресейлік компаниялардың саны 200-ден асып отыр. Көршіге тиген қамшының бір шеті біздің елді де жанып өтіп жатыр. Бұл орайда еліміздің сыртқы саясатын жүргізіп отырған бас дипломаты Мұхтар Тілеуберді Еуразиялық экономикалық одақтың қызметін трансфорамциялауды ұсынды. Себебі, аталмыш одақ аясындағы елдер бітісе байланып отырғандықтан, Ресейге салынған санкциялардан ұтылып жатыр.

МҰХТАР ТІЛЕУБЕРДІ – Қ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ «Санкциялық текетірес Еуразиялық экономикалық одақ қызметін шынымен де еркін нарық құру мақсатында трансформациялау қажет. Бұл - қауымдастық экономикалары өсуінің өмірлік маңызды шарты.

Сөз арасында сыртқы істер министрі Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына қатысуы ұлттық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды екенін атап өтті.

МҰХТАР ТІЛЕУБЕРДІ – Қ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ «Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына қатысуы ұлттық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан ең маңызды бағыт. Ұйымның негізгі міндеттері -бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, мүше мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау»

Еске сала кетейік, қаңтар трагедиясында Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктерді реттеу үшін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгершілік күштерін шақыртып, елдегі старегиялық нысандарды күзеткен болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.