Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Досын ажалдан құтқарып қалған 5-сынып оқушысының ерлігі назардан тыс қалмады. Орал қаласының жалпы орта білім беретін №1 мектебінің оқушысы Әубәкіров Мейрамбекке БҚО-ның ТЖД салтанатты түрде алғыс хат табыс етті

c 00:00, 09/04/2015 c 778

0:00 / 0:00

Суға кеткен адамды көбіне құтқарушылар аман алып қалып жатады. Алайда оларды шақырамын дегенше адам өмірін сақтап қалу неғайбыл болар еді. Мейрамбектің осы ерлігі үшін ТЖД марапат көрсетіп, алғыс білдіріп, ұялы телефон сыйға тартты. Оқиға былтырғы жылдың қысында болыпты. Желтоқсан айында бірнеше оқушы үйірмеден қайтып келе жатып мұз үстіне шығып, ойылған мұздан бір бала суға батып кете жаздайды. Өзі қатты жүрексінсе де, осы жерде Мейрамбек Әубәкіров досын құтқарып қалу үшін басын қатерге тігеді. Адамды құтқарып қалуда мектепте өткізілген машықтардың пайдасы зор, - дейді батыр бала. Салтанатпен сап түзеген оқушылармен кездесуге сала мамандары мен ҰОС-ның ардагері Халам Сүйіншіәлиев те қатысты. Мейрамбек Әубәкіров бір отбасының тұңғышы. Өзінен кіші інісі бар. Мектебі мен жолдастары оның досқа адалдығы мен ерлігін мақтан тұтып, нағыз бейбіт күннің батыры деген атаққа лайық көреді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.