Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Дені саудың, жаны сау"

c 17:14, 01/09/2020 c 759

0:00 / 0:00

Спорт жаңалықтарына кезек береміз. Тасқала ауданы Ақтау ауылында бұқаралық спортқа ден қоятындар қатары екі есе көбейеді деген болжам бар. Өйткені "Ақжол" партиясының қолдауымен ауылдағы спорттық алаң қалыпқа келтіріліп, бірқатар жаттығу құралдарымен жабдықталған.Ақтау ауылдық округінің әкімдігінде құны 7 380 800 теңге болатын алаң құрылысының тендерін «Строй Энерго Телеком» ЖШС нақтырақ айтқанда, Қызылордалық фирма жеңіп алған болатын. Алайда құрлыс компаниясының өз ісіне салғырт қаруы салдарынан спорттық нысанда мақсатты жұмыстар орындалмай, пайдалануға берілмей қалды. Осы орайда облыстық мәслихат депуттарының бұл іске араласуы себебінен аудандық бюджеттен 3,7 млн теңге қайта бөлініп, өткен демалыс күні спорттық нысан пайдаланылуға берілді.Спорттық алаңның айналысы толықтай абаттындырылған, жасанды көгал төселіп, футбол, баскетбол, волейбол, стрит-воркаутқа арналан алаңдарынан бөлек, қол күресімен шұғылдануға қажетті құралдар қойылған. Нысанның ашылуана қатысқан ауылдықтар бірқатар сынға іліксе де, біткен іске дән риза екендерін жеткізді. Ал өз ісіне жауапсыздықпен қараған «Строй Энерго Телеком» ЖШС-нің бұл әрекеті заң аясында шешімін табуда. Ауыл спорты демекші, былтырдан бастап Тасқала ауданында бадминтон, ұлттық жекпе-жек бөлімшелері ашылып, спорт түрлеріне 1000-ға жуық бала тартылған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.