Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

Демалғандар әжетханаға тығылды

c 16:42, 23/11/2020 c 295

0:00 / 0:00

Оралда түнгі клубта демалғандар әжетханаға тығылды. Полиция қызметкерлері мониторингтік топ мүшелерімен бірге түнгі клубта көп адамның демалып жатқандығын анықтады. Індеттің өрши түскеніне жəне шектеу шараларына қарамастан кейбір көңіл көтеру орындары карантиндік талапты бұзуды тоқтатар емес.

20 қараша күні "Палладиум" сауда үйіндегі "ФСБ" түнгі клубы карантиндік шектеулерге қарамастан жұмысын түнгі сағат 21:00 ден кейін жалағастырған. Өздеріңіз байқағандай сағат 22.42-ден кейін де мұнда көп адамның көңіл көтеріп жүргені əшкереленуде. Жауапкершіліктен қашпақ болған кейбір келушілер тіпті əжетханаға тығылған. Соның ішінде біреуі əжетхана ішінде қабырғадағы тесікке жасырынып, өзін тақтаймен жаппақ болғанымен, тəртіп сақшыларынан құтыла алмады. Түнгі клубта болған 80-нен астам адамның бəріне əкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ нысанның иесіне қатысты ҚР Əкімшілік құқықбұзушылық кодексі 425- бабына сəйкес хаттама толтырылған. Сонымен қатар кеше "Айбат" мейрамханасында тағы да тойдың өткені белгілі болды. Сала мамандарының айтуынша, мейрамхана иесі, асаба мен видеооператор енді заңды тұлға ретінде қаралып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.Сенбі жексенбі күндері мониторингтік топ өкілдері 12 көпшілік шараға куә болып, тарқатып жіберді. Ал назарға ілікпегені қаншама?Кешегі тәулік бойынша облыста коронавирус инфекциясын 42 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Олардың дені жоғарыда атап өткендей көпшілік шараларда болып, ауру жұқтырғандар.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.