Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дәстүр ұлттық мейрамы ұлықталды

c 18:00, 16/09/2019 c 757

0:00 / 0:00

«Дәстүр» көпшілік-мәдени шарасы кезінде қаламыздың білім ордаларының жастары салт-дәстүр түрлерін сахналап, қала тұрғындарының назарына ұсынса, тағы бір легі алтыбақан теуіп, қолөнер шеберлерінің бұйымдары келушілерді назарсыз қалдырмады. Шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев арнайы қатысып, БҚО тарихи - өлкетану мұражайы мен Бөкейорда тарихи-мұражай кешенінен  әкелінген таңдаулы жәдігерлерімен танысты.

Мерейлі мейрамға әдейілеп құрылған төрт бірдей киіз үйдің бірінде мерекелік дастарқан жайылып, бас сұққан қонаққа дәмнен ауыз игізіп жатты.

Ұлттық болмысқа сай саналы ұрпақ өсіру, салт-дәстүрді жастайынан бойға сіңіру секілді асыл құндылықтар басты орында. Біртендеп көпшілік арасында осы күнді атап өтуге бет бұратындар саны артса, нұр үстіне нұр болмақ, - дейді шараға бас сұққандар.

Қазақ халқының әдет-ғұрыпы кеңінен көрініс тапқан мәдени-шара мерекелік концертпен қорытындыланды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.