Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дәрі неге қымбаттады?

c 06:00, 07/07/2020 c 421

0:00 / 0:00

Өткен тәулік ішінде Қазақстанда  1 403 адам қауіпті індетке шалдықты. Оның 814-інде ауру белгілері байқалмайды.

Жалпы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 48 574 науқасқа жетті. Бұл орайда  Атырау, Маңғыстау облыстары және  Алматы қаласы көш бастап тұр. Індеттен көз жұмғандар саны - 232 адамды құрап отыр. Өздеріңізге мәлім, денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын аптасына бір рет жариялау туралы шешім қабылдағанды.

Өкінішке орай Қазақстан коронавирусты жұқтыру көрсеткішінде әлемде алдыңғы орынға шықты. Соңғы мәлімет бойынша елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 48,5 мыңнан асты. Аты жаман аурудан көз жұмқандар да артып отыр. 232 адам қайтыс болды.

Алексей Цой – ҚР денсаулық сақтау министрі " Бір тәуліктің ішінде 1 452 науқас анықталды. Күнделікті өсім 3,2 процентті құрап отыр. Қайтыс болғандардың саны - 232 адамды құрады. Бір тәуліктің ішінде, шамамен, 18 науқас көз жұмды". 

Сондай-ақ, бас дәрігер әлеуметтік желіде тарап жатқан емдік түрлерін қабылдауда сақ болуға шақырады.Өздеріңізге белгілі, алкогольді иіскеу керек, ас содасы қосылған су ішу қажет деген кеңестер көп тарауда.  Министр бұл орайда тек ресми түрде бекітілген емдік шараны қолданған жөн дейді. Министрдің айтуынша, Қазақстанда коронавирусқа екінші рет шалдығу жағдайлары тіркелген жоқ. Кей кезде тесттің нәтижесі қате шығады.  Ал елде ПТР тест тапсыру проблема болып кеткені мәлім.  Министр Цойдың хабарлауынша,  тегін ПТР-тест жасауға 14 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді.  Ал вице-премьер Ералы Тоғжанов дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесіне тоқталды. Дәріні жаппай сатып алу жүріп жатыр. Сондықтан дәріхана сөрелерінде қажетті перпарат тез бітіп қалып жатыр дейді ол. Оған қоса, дәріханаларда негізсіз шарықтап жатқан дәрі бағасын бақылауға алу күшейтіледі деп сендіреді үкіметтегілер. Ал індетке қатысты мәліметтер шынайы, елдің алдында ашық ақпарат беріп отырмыз деп ағынан жарылды вице-премьер.

Ал елорада  әкімдігі дәріханалардағы бағаның негізсіз өсуін iKomek сервисі арқылы қадағалап, азаматтарға 109 нөміріне шағым қалдыруға кеңес беруде. Бұл жайында шаһар әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желіде хабарлады. Ал ішкі істер министрлігі ендігі дәрі тапшылығын тудырған алып –сатарлардың заңсыз әрекетін, бағаны заңсыз өсіргендерді анықтады. Министрліктің баспасөз қызметінің хабаралуынша, рейд барысында 21адам  полицияға жеткізілді. Олардан 3500 аса дәрі-дәрмек тәркіленді. Оның ішінде көпшілік қол жеткізе алмай жүрген дене қызуны түісретін, вирусқа қарсы дәрілер мен бетперде, қорғаныс құралдары бар. Бұлар дәрілердің құнынан асырып сатқан. 600 теңгелік дексаметазонның бір ампуласын 5 мыңнан сатқан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.