Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сырым ауданының әлеуеті арта түспек

c 11:41, 18/09/2018 c 587

0:00 / 0:00

Сырым ауданында туберкулез дертіне шалдыққан жандардың саны екі есеге артқан. Бұл туралы аудан әкімі мәлімдеп отыр. Биылғы жылдың сегіз айында ауданда обыр дертіне шалдыққан азаматтардың саны азайыпты. Аудан көлемінде жыл басынан бастап, 213 сәби дүниеге келген. Медицина саласын цифрландыру мақсатында үйге дәрігерді шақырту, барлық дерлік профилактикалық жұмыстар мен диагностикалық қызметтер электронды форматқа көшірілген.

Аудан көлемінде "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы түрлі салада қолданылып жатыр. Мәселен, ауданда мал ұрлығына тосқауыл үшін азаматтар арнайы құрылғының көмегі арқылы жануарлардың қай бағытта жүргендігін тексере алатын мүмкіндікке ие. Мал шаруашылығы демекші, аудан көлемінде асыл тұқымды мал басын көбейтіп отырған 14 шаруашылық қызмет жасап жатыр. Қыс жақындаған сайын, малдың азығы да күн тәртібінен түскен емес.

Аудан көлемінде 270-тен астам азамат баспана кезегінде тұр. Кезекті азайту мақсатында "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында Жымпиты ауылында 3 қабатты тұрғын үйдің, ал Алғабас ауылында 10 баспананың жобалық сметалық құжаттары дайындалып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.