Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бұрынғы коммунистер

c 18:43, 23/11/2020 c 680

0:00 / 0:00

Бұрынғы коммунистер, қазіргі Қазақстан халық партиясының кезектен тыс XVI съезі өтті. Парламенттік сайлау алдында атын да, затын өзгертіп, халық партиясы болып жатқан саяси күш съезде  Парламент Мәжілісі және мәслихат  депутаттары  сайлауына қатысуы, сайлауалды бағдарламаны бекіту, сайлауалды штабты құру, депутаттыққа кандидаттардың партиялық тізімін бекіту мәселелерін қарады. Партия серкесі Айқын Қоңыров партияның атауы өзгерсе де, социалистік бағыт ұстанып, қарапайым халықтың мүддесін қорғайтынын атап өтті. Парламенттік сайлауға 125 кандидат ұсынып отыр.

Сайлау болады дегеннен түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден қалған саяси партиялардан маза кетті. Атын, затын ауыстырып жатқан партиялар алдағы сайлауда халық алдында бедел жинап, дауыстың астында қалмақшы. Аты шулы бұрынғы коммунистер, қазіргі халық партиясы кезектен тыс XVI съезін өткізді. Естеріңізде болса, аталмыш партия коммунист деген атаудан бас тартып, халық партия болды. Одан қалды партияның ақсақалы, нағыз коммунистер Владислав Косарев жақтастарының бұл шешіміне ренжіп, партиядан кетіп қалды. Басты мақсат Парламентке өту ғана емес, сол жерден халықтың әлеуметтік мәселелерін көтеру дейді партия төрағасы Айқын Қоңыров.

Айқын Қоңыров – Қазақстанның халық партиясы төрағасы «Біздің басты мақсатымыз Парламентке өту ғана емес, сол жерден халықтың әлеуметтік мәселелерін көтеру Біз уақыт талабымен алға қарай ілгерілеуге ниеттіміз және осыны дұрыс қадам деп есептейміз. Осы орайда ел халқы біздің бастамаларды қолдайтынына сенімдіміз».

Партияның сайлауалды бағдарламасы  жер, лайықты жалақы, тегін білім, зейнет жасын төмендету сынды әлеуметтік мәселелермен қамтылған.   Съезд барысында Қазақстан халық партиясынан алдағы депутаттық сайлауға 125 үміткер қатысатын болып шешілді.

Жамбыл Ахметбеков – Қазақстанның халық партиясының хатшысы «Тізімге кәсіби білікті адамдар таңдалған.Саяси шоу жасауды мақсат тұтпадық. Партияның тізіміне кандидаттарды  атқарған еңбегі мен жетістігіне қарап таңдадық. Өз міндетін адал әрі сапалы атқаратын, қиындықтарға төзе білетін жандарды іріктедік. 125 адам таңдалды, оның ішінде 89 ер адам, ал әйелдер 36 адам , жастардан тоғыз адам кірді».

Халық партиясы ұсынып отырған үміткерлердің орташа жасы 46 жас.  Келесі жылдың қаңтар айында өтетін Парламенттік сайлау алдында «Бірлік» партиясы да атауын өзггертіп, «Адал» партиясы болып шыға келді. Осылайша аты өзгерген саяси күштер халықшыл, адал болып, сайлауда әділ дауыс жинап, елдің қамын шешуге бел буып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.