Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Божконың дауы

c 18:47, 16/10/2019 c 643

0:00 / 0:00

Парламент Мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко тағы да сынға ілінді. Күні кеше Алматы қаласында бірнеше  қоғамдық бірлестік өкілдері баспасөз мәслихатын өткізіп, ел басшысынан Владимир Божконың депутаттық өкілеттігін тоқтатуды талап етті. Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Владимир Божкоға әлеуметтік араздық тудырды,  рейдерлікпен айналысып, басқаларға қорлық көрсетті деген айып  тағып отыр. Алайда, елорда журналистеріне берген сұхбатында депутат Божко депутаттықтан бас тартпайтынын,  бұл топтың көздеген мақсаты басқа екенін айтты.

Аузынан қағылып, "халық әлеуметтік көмекті көбейткені үшін мемлекет алдында тізерлеп тұрып алғыс айтуы керек" деген депутат Владимир Божко тағы да сынға ілікті. Мәжіліс вице-спикерінің бұл сөзі қоғамда қызу талқыланып, қазақстандықтардың ашуын туғызға болатын. Ал күні кеше Алматыда бірнеше қоғамдық бірлестік өкілдері Божконың депутаттық өкілеттігін тоқтатуын талап етіп, президентке хат жазатынын мәлімдеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Владимир Божкоға әлеуметтік араздық тудырды,  рейдерлікпен айналысып, басқаларға қорлық көрсетті деген айып  тағып отыр. Алайда Божко бұл айыптауларды мойындамады. Ал депутаттық креслосымен қоштасуға асығып тұрған жоқ.

Ал бірлестік өкілдерінің  көздеген мақсаты басқа екенін айтты. Бірақ, олар оны жасырып отыр дейді ол.

Владимир Божко – ҚР парламент мәжілісі төрағасының орынбасары; "Олардың көздегені басқа. Бір апта бұрын Захаров (казак атаманы) пен оның ұйымына қатысты рейдерлік жолмен тартып алған ғимаратты босату туралы сот шешімі шықты. Бұл шешімге менің еш қатысым жоқ. Талап-арызды Жетісу казактары одағы түсірген. Захаров пен осы одақ арасындағы іс жеті жылға созылды. Көптеген сот отырысы болды. Ақыры әділдік орнататын шешім қабылданды"

Депутат Божконың сөзіне сенсек,  Захаров бұл жолы жауапкершіліктен қашып құтыла алмағандықтан, оның бұған дейінгі мәлімдемелерін желеу етіп, айып таққан. Ал қоғам белсенділерінің оны таңдаудағы себебі,   Владимир Божко  еліміздегі орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы  заңды тұлғалар бірлестігін басқарады. Өзін қаралаған белсенділердің айыптарын депутат толығымен жоққа шығарды.  Божко  бұл мәселенің ассамблея ішінде талқыға түспей, қоғамға жария етілуіне таң қалып отыр. Ал әлеуметтік қолдау үшін үкімет алдында тізе бүгу керек деп, сөзден сүрінген вице-спикер, қазақстандықтардан кешірім сұрауды ойлап та жүрген жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.