Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО - на 213 жоғары білікті дәрігер жетіспейді

c 15:37, 08/04/2019 c 674

0:00 / 0:00

БҚО - на 213 жоғары білікті дәрігер жетіспейді.Бұл жөнінде облыс әкімі Алтай Көлгінов медицина мамандарымен өткізген кездесуінде мәлімдеді.Алдағы уақытта бұл олқылықтың орының толтыру үшін жергілікті бюджеттен арнайы бөлінген ақшаға қажетті мамандарды оқытып алу көзделіп отыр.Ол маман оқып келгесін осы Батыс өңіріне жұмыс жасауға міндеттелетін болады.Медицина саласындағы басқа да өзгерістер туралы арна тілшісі баяндасын.Осы уақытқа дейін БҚО - на 247 жоғары білікті дәрігер маман келген.Олар қазір алыс ауылдар мен облыс орталығында жұмыс жасап жатыр.Бірақ бұл дәрігерлер облыс қажетін толық өтей алмай отыр. "Дәл қазіргі уақытта БҚО -на 213 жоғары білімді дәрігер қажет",- деді БҚО әкімі Алтай Көлгінов.Жыл сайын медицина саласын дамыту ісіне, дәрігерлердің жағдайын көтеру ісіне мемлекет жоғары деңгейде көңіл бөліп отыр.Сондықтан да біздің облысқа қорықпай жас мамандарды тарта беруге болады деді аймақ басшысы.
Облыстық көпбейінді ауурханада облыстың дәрігерлерімен кездескен аймақ басшысы ақ халаттыларды халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында жұмыстануға шақырды.Одан бөлек медицина саласын цифрландыру,электронды кезек, электронды құжат айналымы мәселесін қадағалауды тапсырды."Дәрігерге келген адам жүйкесі жұқарып, шаршап кетпеуі керек, сіздер адам жанының арашасысыздар",- деген облыс әкімі Алтай Көлгінов медицина саласына бөлінетін қаржы жыл сайын артып отырғаның тілге тиек етті.Ал, 2018 жылдың есебін берген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы БҚО бойынша өлім - жітім азайып келеді деді.
Кездесуде дәрігерлердің тәртібі де сөз болды. Әсіресе ақ халаттылардың жемқорлыққа жол бермей, кәсібіне адал болуы өзекті болып тұр.Бұдан бөлек тегін дәрі -дәрмекті тарату, жедел жәрдем қызметінің уақытылы жұмыс атқаруы, дәрігерлердің өз жұмысына жауапты қарауы сөз болды.Ал, облыста дәрігерлердің біліктілігін арттыру мәселесі де жоғары биліктің қадағалауында .

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.