Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО мен Эстония серіктестікте жұмыс жасамақ

c 16:52, 07/09/2018 c 686

0:00 / 0:00

БҚО әкімі Алтай Көлгінов Эстонияның Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Хейти Мяемеэсті қабылдады. Екі ел арасында бірнеше сала бойынша серіктестікте жұмыс жасауға келесім жасалып, тауар айналымды арттыру жоспарланып отыр. Әсіресе Эстонияның цифрландыруға көшудегі жетістігін аймақ дамуында қолдану көзделген.

Эстония мен Қазақстан арасындағы тарихи қарым-қатынасты дамытып, БҚО-мен бірлесе жұмыс жасалмақ. Бұл орайда Эстониядағы мемлекетттік қызмет көрсету саласындағы цифрландыру саясатын тәжірибеге енгізіп, жетістігін пайдалану көзделіп отыр. Айта кетейік, бұл елде көрсетілетін қызметтер 99 пайызға автоматтандырылған.

"-Біздің елдің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев цифрландыру бағдарламасын қабылдағанын білесіздер. Ал Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау және білім беру салаларын цифрландыру бойынша пилоттық аймақ болып табылады. Әрине біз тек осы салалармен ғана шектеліп қалмаймыз. Балабақшада онлайн кезек жүйесі жасақталды. Осы жүйеге мектептер де көшетін болады. Мемлекеттік қызметтердің сапалы, кедергісіз көрсетілуі үшін цифрландырудың маңызы зор",-дейді БҚО әкімі Алтай Көлгінов.

Эстонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хейти Мяемеэс аймақтағы өндіріс ошақтарында болып, облыстың әл-ауқатымен танысқан соң әкімнің қабылдауында болып алдағы уақытта машина жасау, туризмді дамыту, сауда-саттық секілді салаларда бірлесіп жұмыс жасауға ынталы екендіктерін атап өтті.

-"Көкейімізде енді туындап жатырған көптеген жобалар бар. Біз БҚО-ға бірінші рет келіп отырмыз. Ақпарат жинақтау барысында әлеуеті зор аймақ екенін аңғардық. Қандай нәрсеге тапсырыс береміз? Қай салаға инвестиция құямыз? Соның бәрін шешуіміз керек"-деді сұхбат барысында Эстонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хейти Мяемеэс.

Қазіргі таңда екі ел арасындағы тауар айналым шағын ғана, 300-500 мың аралығында болып отыр. Болашақта Эстониямен экономикалық тұрғыдан да қарым-қатынас орнатуға келіссөздер әзірленуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.