Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО қылмыстық істер жөніндегі маманданыдырылған ауданаралық сотында "Ашық есік күні" өткізілді

c 17:40, 02/10/2019 c 564

0:00 / 0:00

«Ашық есік» күні - соттың халыққа деген ашықтығы мен жариялығының бірден-бір дәлелі болғандықтан, облыстық сотпен бекітілген кестеге сәйкес іс шара жылына 4 мәрте өткізіліп отырады. Мұндай шара арқылы кез келген өңір азаматы сотқа келіп, мазалап жүрген сұрағына жауап алуға мүкіндік алмақ. Осыдан он жыл бұрын, Елбасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №910 Жарлығымен Қазақстанның барлық облыстарында сонымен қатар, республикалық деңгейдегі қалаларда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылған болатын. БҚО қылмыстық істер жөніндегі маманданыдырылған ауданаралық соты өз жұмысын 2010 жылдың 4 қаңтарында бастады. Соңғы 3 жыл төңірегін алар болсақ, аталмыш сотпен 2017 жылы 8 тұлғаға қатысы 5 іс өткізілсе, ал өткен жылы 1 тұлғаға қатысты 1 іс, биылғы жылдың 9 айында 3 тұлғаға қатысты 3 іс қаралған. Шарада ел аумағында жасалған аса ауыр қылмыстарға (сотталушының өзі рұқсат еткен жағдайда) қатысуы тиіс алқабилердің белсенділігі мен аздығы да сөз болды. Биылғы жылы БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен барлығы 3 қылмыстық іс қаралыпты. Осының өзі заңдық тұрғыдан да, азаматтардың құқықтық санасының даму деңгейі тұрғысынан да "алқаби" түсінігінің жетілмегендігін көрсетеді, - дейді шараға жауаптылар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.