Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да жеке кәсіпкер өз қаражатына жол жөндеді

c 17:47, 04/06/2018 c 1115

0:00 / 0:00

Рамазан айында Зеленов ауданының Мичурин ауылында осындай қайырымдылық шарасы атқарылып жатыр. Ауылдық округ әкімінің айтуынша, биыл 1 жарым шақырым авто көлік жолын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Сондай-ақ кәсіпкердің қолымен ор-шұңқырлары бітелген жолда ағымдағы жөндеу атқарылмақ екен.

Мичурин ауылындағы Магистральный көшесі - басты жолдардың бірі саналады. Бұл жолдың бойымен қоғамдық көлік қатынайды, тұрғындардың да қаладан ауылдық округке енетін бірден бір жолы саналады. Өткен жылы жөндеуден өткен жол қазір қайтадан шұрқ тесіліп, қозғалысқа қолайсыз қалыпқа түскен. Жүргізушілердің зығырданын қайнатқан жол әйтеуір жеке кәсіпкердің арқасында лекерге келіп жатыр. Қайырымды жан өз ақшасына цемент сатып алып, барлық шұңқырларды бітеп, жолды қалыпқа келтіріп шығыпты.

-"Мичурин ауылы қаланың іргесінде орналасқанымен Зеленов ауданына қарайды. Бюджеттен бөлінетін қаражат мардымсыз болғандықтан көп нәрсеге жетпей отыр. Бұл орайда қол қусырып отырмайтын ауылдық округтің халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тазалық шараларына, абаттандыру мен жөндеуге өз күштерімен бірлесе атсалысып жатыр",- дейді ауылдық округ әкімі Бекқали Бержанов.

Жеке кәсіпкердің шарапаты мол іске үлес қосуы - қуантарлық жайт. Ал "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша ауылда балаларға сыйлық жасалыпты. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай заманауи ойын алаңы салынып, қолданысқа берілген. Биыл жасыл желекті осынау ауылдағы көлік жолдарында күрделі және ағымдағы жөндеу атқарылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.