Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО - да осымен төртінші мәрте жолда қабылдау акциясы өтті

c 17:17, 19/07/2019 c 740

0:00 / 0:00

БҚО - да осымен төртінші мәрте жолда қабылдау акциясы өтті.ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес полицейлер халықты барлық сұрқтары бойынша қабылдады.Бұл жолғы акцияның ерекшелігі учаскелік полицейлер көп қабатты үйлердің аулаларында тұрғындарды қабылдады.Полицияның халыққа ашықтығын қамтамассыз ету мақсатында ұйымдастырылған акцияны арна тілшісі көріп қайтты.Бұл жолғы қабылдау басқалардан өзгеше.Бүгін БҚО бойынша жолда қабылдау акцияларына учаскелік полицейлер қосылып отыр.Халықтың арасында етене жақын жұмыс жасайтын учаскелік полицейлер көп қабатты үйлердің алдында тұрғындарды қабылдап, өтініш - тілектерін тыңдады.Бүгінде Орал қаласы бойынша 24 учаскелік полиция бөлімшесі бар. Ал қала тұрғындарына барлығы 84 учаскелік полиция қызмет көрсетеді.Бүгін қабылдауға келген тұрғындар негізінен көп қабатты үйлердің ауласында заңсыз машина қоятындарға, үйлердің алдында заңсыз сауда жүргізетіндерге , түнгі уақытта айқай - шу көтеретіндерге шағымдана келіпті.Қаладағы тәртіппен тыныштыққа жауапты учаскелік полицейлерге салмақ та жоқ емес.
Жолда қабылдау акциясы адамдар көп шоғырланатын аймақтарда ұйымдастырылып отыр.Темір жол вакзалы маңы қимыл - қозғалысы көп орындардың бірі. Бұл жерге келгендердің көбі көлік қозғалысына қатысты, айыппұл мәселесін қозғай келген.Әсіресе тұрғындарды айыппұлдар мәселесі толғандырады.
Халықпен кездескен полиция өкілдері мұндай қабылдаулар халықпен полицей аралығын жақындастыра түседі, барлық сұрақтар дереу шешім табуға ықпал етеді дейді.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.