Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО - да балаларға жолда жүру ережесін оқытатын арнайы класс ашылды

c 16:30, 23/12/2019 c 675

0:00 / 0:00

БҚО - да балаларға жолда жүру ережесін оқытатын арнайы класс ашылды.Бұл республика бойынша алғашқы жоба.Класс БҚО ПД ЖПҚ мекемесінде ашылып отыр.Ол жерде жол жүру қозғалысын реттейтін барлық құрылғылар мен белгілер орналастырылған.Бұл ашылған класс мобилді , оны қажеттілікке орай барлық мектептерге апарып, балаларға жол ережесін түсіндіруге болады дейді мамандар.
Балалардың қатысымен болатын жол - көлік оқиғасының саның азайту бүгінгі полицияның басты мақсаты.Осы мақсаттан арнайы класс ашылып отыр.БҚО ЖПҚ басқармасы мекемесінде орналасқан бұл орын барлық мектеп оқушылары үшін жол ережесін үйрететін мекенге айналмақ.
2019 жылы балалардың қатысымен 58 жол -көлік оқиғасы тіркеліпті.Оның ішінде 6 бала қаза тауып, 65 бала түрлі дене жарақатын алған.Алдағы жылдары осындай келеңсіздіктер болмас үшін бұл кластын берері көп болмақ.Бұл жерде балалар 4 жастан бастап сабақ ала алады.Алдағы уақытта мамандар осы жерде түрлі шеберлік сыныптарын өткізуді жоспарлап отыр.
Бұл мобилді сынып,мұны кез - келген уақытта қалаған жерге апаруға болады. Алдағы уақытта қаланың барлық мектептерінде жолда жүру ережесіне арналған шеберлік сабақтары өтеді деп жоспарланып отыр. Ал бұл жұмыстарға қала мектептері жанынан құрылған жас сақшылар тобы көмектесетін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.