Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Біз заңға қарсымыз»

c 18:13, 18/01/2021 c 673

«Біз заңға қарсымыз!». Елордадалық аналар осындай ұранмен Әділет министрлігінің ғимаратына басып кірді. 50 шақты әйел азаматты қаумалаған тәртіпсақшыларының әрекеті өз талабымен келгендерді тоқата алмады. Парламент Мәжілісінде бірінші оқылымда мақұлданған «Отбасы -тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң жобасы қоғамда дау тудырып отыр. Әлеуметтік желіде де Президенттің атына хат жазған үндеу тарап жатыр. Бүгін наразылық білдірген топтың айтуынша, заң жобасында шикілік пен қайшылықтар көп. Ата –ана мен баланы бір—біріне қарсы қою, тіпі  ата-ананы құқығынан айыру, баланың жынысын өзіне таңдауға мүмкіндік беру мәселелері қамтылған құжат үлкен қауіп төндіріп отыр дейді аналар.

«Біз заңға қарсымыз!» Осындай ұранмен  әділет министрлігінің ғимаратына басып кірген аналар, министрлік пен депутаттардан «Отбасы -тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң жобасына қатысты түсініктеме берулерін талап етті.

Аналардың айтуынша, бұл заң жобасыда шикілік көп. Ата –ана мен баланы бір—біріне қарсы қою, тіпі  ата-ана құқығынан айыру, баланың жынысын өзіне таңдауға мүмкіндік беру баптарымен қамтылған құжатқа қарсымыз дейді олар. Заң жобасына сәйкес, ата-анасы балаларының талаптарын орындамаған жағдайда, баласын жеке бөлмемен қамтымаса, оған психологиялық  қысым көрсетсе ата-ана құқығынан айырылу мүмкін. Ал бір бөлмеде жан бағып отырған көпбалалы отбасылардың күйі не болмақ ?

Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы министрлер үйіне басып кірген әйелдерді қаумалаған тәртіп сақшыларының қарасы, наразылық білдірушілерден екі есе көп болды. Әйел азаматтарды ғимаратқа кіргізбей, сүйреп шығарып та тастады. Алайда, ашуына мінген аналарды қаптаған полиция тоқта алмады. Әдеттегідей, шеруді тарқатушы рөлін жақсы орындайтын  полицей Бақытжан Малыбаев шығып, аналардың ашуын басуға тырысты.

Айта кету, керек заң жобасы Парламент мәжілісінде бірінші оқылымда мақұлданды. Қазір жаңа депутаттар құжатты екінші оқылымда қарайды.  Жаңа заң жобасына қарсы петицияға қол жинап, Президент пен Парламент спикерлерінің атына жолданған үндеу әлеуметтік желіде тарап жатыр. Онда  қазақстандықтар бұл құжатты өткізбеуді сұрап отыр. Құжат меморгандардыңқұзыретін кеңейтіп, отбасыға қауіп төндіруі мүмкін дейді сарапшылар. Егер жаңа заң жобасы қабылданып кетсе, биліктің ата-анадан баланы тартып алып, ата-ана құқығынан айыру құзыреті кеңейеді. Сондай-ақ, қазақы менталитетке қайшы, батыстың тәжірибесіне сүйеніп жазылған заң деген пікір айтады сарапшылар. Ал әкімдік өкілі болса, оның бәрін жоққа шығарып, аналарды басуға тырысты.

Не керек, әкімдіктің уәдесіне сенген аналар үйлеріне тарасты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.