Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Біз бақытты баламыз еркелеген" фестивалі өтті

c 18:27, 31/05/2022 c 927

0:00 / 0:00

Орал қаласында 1-маусым балалар күні қарсаңында "Біз бақытты баламыз, еркелеген" атты балалар фестивалі өтті. Балаларға арналған фестиваль Тұңғыш президент алаңында ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға 1500 бала мен ата-ана және ұстаздар қатысты.

Шаһарда 1-маусым балаларды қорғау күніне орай ауқымды фестиваль өтті. Тұңғыш президент алаңында ұйымдастырылған іс-шара "Біз бақытты баламыз, еркелеген" деген атауға ие. Алаңға облыс орталығында орналасқан 50 мектептің белсенді оқушылары жиналды.

Мерекелік іс-шарада түрлі тақырыптық алаңдар ұйымдастырылды. Соның бірі-"Зерде" деп аталады. Бұл -қала мектептерінің өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру мақсатында бас қосқан ұйымы. №26 мектептің директоры өзі басқарып отырған білім беру ошағында оқушылардың жануарларға деген жанашырлығын оятып, экологиялық тәрбие беру үшін жұмыс істеп жатырмыз,- дейді.

Балаларға арналған фестивальде оқушылар озық технологияның құлағында ойнап, ұлттық аспаптарды керемет меңгергенін бұқараға паш етті. Кішкентай өнерпаздар мың бұрала билеп, күміс көмей әншілер ән шырқады.

Түрлі үйірмелер мен алуан додада топ жарып жүрген оқушылар бас қосқан фестивальде баланың амандығы тақырыбына ерекше көңіл бөліпті. Мектептегі "Жас сақшы" ұйымының мүшелерін сөзге тарттық.

"Біз бақытты баламыз, еркелеген" фестивалі балалардың флешмобымен жалғасып, мерекелік концертпен аяқталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.