Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биылғы жылы 6 орман өрті тіркелген

c 11:32, 27/09/2018 c 657

0:00 / 0:00

Биылғы жылдың тоғыз айында он адамның ажалы судан келген. Бұл туралы төтенше жағдай департаментінің мамандары хабарлап отыр. Сала мамандарының келтірген дерегі бойынша, суға батқан жандардың екеуі кәмелет жасына толмапты.

Биылғы жазда он адам суға батып, ажал құшқан. Марқұмдардың екеуі кәмелет жасына толмаған бүлдіршіндер екен. Бұл төтеншеліктердің келтірген ресми статистикасы. Өткен жылы жағалаудан тіл тартпай кеткен марқұмдардың саны 18-ді құраған. Сала мамандары қайғылы жағдайды болдырмау үшін біраз тер төгіп, қандай жұмыстар атқарғандығын жіпке тізді.

Сондай-ақ, судан келетін кеселден өзге өрттің де залалы айтпаса түсінікті. Биылғы жылдың тоғыз айында 414 табиғи жану, 6 орман және 2 дала өрті тіркелген. Ал күн суытқан шақта қызыл жалынның орын алу қаупі басым.

Сала мамандары жылыту маусымында тұрғын үйлерде қызыл жалынды болдырмау мақсатында арнайы айлық та жариялапты. Оның аясында азаматтарға түсіндіру жұмыстары да ұйымдастырылмақ. Алайда, азаматтар қауіпсіздік шарасын естен шығармай, бауыр еті баласын көзден таса қылмау сынды ережелерді ұстанбаса, төтеншеліктердің жүргізіп жатқан жұмыстары бұқара халықтың баршасына бірдей көмектесе алмайтыны белгілі.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.