Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биыл 198 мың гектер жерге дәнді-дақылдар егілген

c 18:06, 20/06/2022 c 1016

0:00 / 0:00

Көктемгі егіс науқаны аяқталып, диқандар егістік алқаптарында дәнді-дақылдарды түрлі зиянкестерден арашалап жүр. Қыста қардың көп болуы мен көктемдегі жауын-шашын егістің бітік шығуына оң ықпал тигізеді,-дейді мамандар. Биыл диқандар бір гектар жерден кемі 10 центнер өнім жинауды жоспарлап отыр.

Сала мамандары биыл топырақтағы ылғал қоры жеткілікті болғанын айтады. Сәуір мен мамыр айында жауын-шашын көлемі айлық нормадан артық түскен.

Бидайдың бітік шығуына түрлі фактор әсер етеді. Дихандар қыстағы қар мен көктемдегі жаңбыр топырақты ылғалдандырса да, екпіні қатты жел мен нөсер жауын, аптап ыстықтан егін зардап шегуі мүмкін деп алаңдап отыр.

Биыл көктемгі егіс жұмыстарын ұйымдастыру үшін "Атырау мұнай өңдеу" зауытынан 11 500 тонна арзандатылған дизельді отын бөлінді. Қазіргі таңда шаруалар осы сұйық отынды пайдаланып отыр. Бұрындары шалғайда орналасқан шаруалар дизельді отынды пайдалануда түрлі қиындықтармен бетпе-бет келетінін айтып келген еді. Биыл талап бойынша тасымалдаушылар сұйық отынды аудан орталықтарына дейін жеткізуі шарт. Және 2022 жылдан бастап майлы дәнді дақылдарды өсіріп, мекемелерге өткізген шаруаларға субсидия төленбек.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.