Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Білім министрлігін екіге бөлу керек

c 19:40, 29/12/2020 c 695

0:00 / 0:00

Қазақстанда орта білім беру сапасы төмен. Сенатордардың айтуынша, мектеп оқушылары екі тоқсан бойы жарытып білім алмағандықтан, білім сапасы бірнеше жылға кейін шегерілді. Бұл орайда депутат Мұрат Бақтиярұлы мектептер оқушыларын дәстүрлі форматқа көшіру қажеттігін дейді. Слндай-ақ, орта білім беру сапасын көтеру үшін Білім және ғылым министрлігін бөліп, екі министрлік құру қажет деген ұсынысын алға тартты. Бұл мәселе бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында талқыланды. Сенат білім беруді дамытуға арналған заң жобасын қараған еді.

Пандемия  білім сапасына кері әсерін тигізіп отыр. Қауіпті індет елде таралғалы оқушылар мен студенттер қашықта оқуға көшті. Тек басатуыш сынып оқушылары ғана оның өзінде кезекші топтар мектепке барып жүр. Алайда, коронавирус тіркелген жағдайда мектеп толығымен карантинге жабылып жатыр. Себебі, оқушылар арасында қауіпті індетті жұқтырып, ауырып қалғандар көбеюде. Оқу жылының басынан бері 3 658 бала коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдай тіркелді. Оның ішінде 994 оқушы кезекші сыныптарда оқыған. Дегенмен, сенаторлар қашықта оқыған оқушының білім сапасы бірнеше жылға кейінше шегеріледі дейді.  Ресей, Қытай, Германия, Ұлыбритания және тағы басқа мемлекеттерде көп жағдайда дәстүрлі білім беру форматын сақтап келеді. Сенатор Бақтиярұлы оқушыларды дәстүрлі форматта оқуға көшіру кеерк дейді.

Айта кетейік, ведомствоаралық комиссияның соңғы шешіміне сәйкес, III тоқсанынан бастап 9,11,12 сыныптар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту форматына көшеді. Сондай-ақ, колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері де жаңа жылдан бастап аралас оқыту форматына көшеді деген жоспар бар. Дегенмен депутаттар білім беру сапасын көтеру үшін білім және ғылым министрлігін екіге бөлуді ұсынды.

Қазақстан әлемдегі 142 елдің ішінде білім беру сапасы бойынша 101 орында тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.