Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ СҮРІНГЕН ЖЕРІ

c 22:14, 02/06/2022 c 844

0:00 / 0:00

Білім және ғылым министрлігі екіге бөлініп, бірі жоғары білім және ғылым мәселелерімен айналысады. Бұл жайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласында Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында айтты. Сондай-ақ, Президент ғылым саласын дамытуды, ғылымдағы олқылықтарды да сөз етті. Қазақстандық ғылымды жан-жақты дамытуға, оның бәсекеге қабілетін арттыруға және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға бағытталған шараларды атады. Жалпы білім және ғылым минситрлігін екіге бөлу мәселесі бұған дейін көтеріліп келгенді. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы Президенттің ұсынысын екі қолмен қолдап отыр. Тіпті депутаттық саула жолдап, білім мен ғылымды бөліп, білім саласының сүрінген жерлерін айтып берді.

Осыдан екі жыл бұрын сенат қабырғасында білім министрлігі және жоғары білім және ғылым министрлігі деп екіге бөлу ұсынылғанды. Депутаттар орта білімді бөлек алып шығып, ғылымды дара дамыту қажеттігін айтқан болатын. Алматы қаласында өткен ғалымдар жиынында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселеге нүкте қойды. Мемлекет басшысы білім және ғылым министрлігі екіге бөлініп, бірі жоғары білім және ғылым мәселелерімен айналысатынын айтты. Себебі , еліміздің ғылым саласы кенже қалып жатыр.

Тәуелсіздік алған 30 жылда елімізде білім беру саласы көп реформадан өтті. Тек соңғы 5 жылда білім туралы заңға 29 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, ал мемлекеттік білім беру стандарты 2000 жылдан 2017 жылға дейін 7 рет өзгерді. Алайда бұл өзгерістерден тек кітап баспалары ғана пайда көрді, ал балалар тек тәжірибе нысанына айналды дейді сенатор Мұрат Бақтиярұлы. Ол депутаттық сауалында білімге миллиардтаған қаражат құйылғанына қарамастан, елдегі білім беру сапасы төмен дейді. Әлемдік банк зерттеуі бойынша елдегі оқушылардың 1 пайызы ғана сапалы білім алып жатыр. Оқушыларымыздың басым бөлігінің таңдау жасау мүмкіндігі жоқ.

Ал үш тілде білім беру буыны қатпаған балалардың миын ашытты дейді сенатор. Қазақстаннан басқа әлемнің бірде-бір мемлекетінде 3 тілде білім беру атымен жоқ. Бақтиярұлы үкіметке жолдаған сауалында үш тілділікті алып тастап, 5 сыныпқа дейін барлық пәннен тек ана тілінде оқытуды ұсынды. Ал мектеп бағдарламасында орыс тілін шет тілдер қатарына енгізу қажет деді.

Сенатордың айтуынша, тіпті ғылымы мен білімі жоғары Жапония, Финляндия, Франция, Қытай елдерінде 10 жасқа дейінгі балаларды өзге тілде оқытпайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.