Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Білім берудегі мәселелер

c 17:06, 21/01/2020 c 418

0:00 / 0:00

2019 жылы БҚО-да 8 кәмелетке толмаған жасөспірім суицидке барған. Қайғылы оқиға туралы облыстық білім басқармасының мамандары мәлімдеді. Ал, 2018 жылы өзін-өзі өлімге қиған 4 дерек тіркеліпті. Соңғы трагедия айналдырған жиырма күннің ішінде Жаңақала мен Сырым аударында болғаны есімізде. Қайғылы жағдайлы жағдайды зерттеуді қолға алған комиссия өкілдері қандай шешім шығарды?

Өткен жылдың желтоқсанында айналдырған жиырма күннің ішінде 3 оқушының өз-өзіне қол салды. Бұл трагедия көпшілікті есеңгіреткені рас. Қайғылы оқиғаға байланысты комиссия құрылып, сала мамандары суицидтың жай-жапсарын тексеріпті.

Былтыр облыс аумағында кәмелетке толмағандар балалардың арасында өзін-өзі өлімге қиған 8 жағдай тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп.

Суицидтен бөлек өткен жылы қалалық мектептерде жұмыс жасайтын есепшілер, білім нысанының шаруашылық секторына жауапты мамандары қысқарып, соның орынына "Білім сервис" атты жаңа мекеме іске қосылады деп жоспарланған еді. Жоспар бойынша өзгерістер биылғы жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа енуі қажет еді. Бірақ, облыстың бас педагогі буғалтерлер мен қалған мамандар мектепте жұмыстанып жатқандығын айтады.

Сондай-ақ, өткен жылы осы Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылының мектеп директоры пара алып, сотталған болатын. Экс-басшы жұмысқа қабылдау үшін қылмысқа барған.

Білім беру процесіндегі өзекті мәселенің бірі -ол апатты және үш аусымда оқитын оқу ордалары. Бүгінгі таңда облыс аумағында апатты деп танылған 12 мектеп бар. Олардың үшеуі облыс орталығында орналасқан. Апатты және үш аусымда оқитын мектептердің санын азайту мақсатында 4 мектептің құрылысы басталды.

Облыста апатты және үш аусымда оқитын мектептердің санын қысқарту үшін білім басқармасы ауқатты кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Соның нәтижесінде бес инвестор жеке мектеп салуға қызығушылық танытыпты. Ал, жобалардың қашан жүзеге асатындығы уақыттың еншісінде қала бермек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.