Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАСПАНАСЫЗ ҚАЛҒАНДАР

c 08:58, 14/01/2022 c 1444

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында апатты жағдайдағы тұрғын үй иелерінің мәселелері шешілмей отыр. Олар апаттық жағдайда болса да, өздерінің жалғыз жеке тұрғын үйлерінен айырылып қалуы мүмкін дейді сенатор Нариман Төреғалиев. Депутат Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына сауал жолдап, апатты үйлерінен жалдамалы баспанаға көшірілген батыс қазақстандық азаматтардың мәселесін шешіп беруді сұрады.
Сенатор Нариман Төреғалиевтің мәліметінше, Орал қаласында 146 апатты үйден 400 адам көшірілген. Жалғыз баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған соң, әкімдік бұл азаматтарға жалға берілетін пәтерлерді берді. Алайда, оралдықтарға ол баспананы жекешелендіру құқығы берілмеген. Депутат бірнеше жыл өтті , бірақ Батыс Қазақстан облысында апатты жағдайдағы тұрғын үй иелерінің мәселелері шешілмей отыр дейді. Бір сәтте жалғыз баспаналарынан айырылып, жалдамалы пәтерлерде тұрып жатқандар жергілікті әкімдіктен қайыр болмаған соң, Парламент депутаттарынан көмек сұраған.

Енді меншігіндегі үйі жоқ бұл азаматтардың құқықтарын қорғау үшін «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға өзгерістер енгізуді қажет. Төреғалиев Үкімет басшысынан, оралдықтарға коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген пәтерді жекешелендіруге мүмкіндік жасауды сұрады.

Сенатордың айтуынша, Батыс Қазақстан облысында орын алып отырған проблема, еліміздің өзге де өңірлерінде көрініс тапқан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.