Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баспана мәселесі

c 13:54, 22/09/2020 c 415

БҚО-да ауылдық жерлерде кадр мәселесін шешу үшін бірінші кезекте мамандарды баспанамен қамтуға назар аударылмақ. Үкімет ауылдық жерде үй мәселесін шешу үшін білек сыбана кіріскендей. Енді жұмыс беруші қызметкерлеріне арнап үй салатын болса, мемлекет баспананың елу пайыздық құнын субсидияламақ.

Баспана мәселесі қашан да өз өзектілігін жоғалтқан емес. Өзгенің босағасында жүрген отбасылар тапқан табысының жартысын пәтер ақыға төлеуге мәжбүр. Мемлекет баспаналы жандардың санын арттыру үшін түрлі бағдарлама жасап жатыр. Соңғы жылдары "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында 1,3 млн шаршы метр азаматтарға табысталған болатын. Үйлердің көбі облыс немесе аудан орталықтарында бой түзеп жатқаны да жасырын емес. Ал ауылдың жоқ-жітігін сапалы кадрлар көтеретіні сөзсіз. Енді ауылда қызметкерлердің үйлі болуы үшін жаңа бағдарлама жасақталып жатыр. Үкімет құрылысшыларды қолдау үшін баспананың 50 пайыздық құнын субсидияламақ. Бұл үшін құрылыс компаниясы үйдің аумағын 100 шаршы метрден асырмауы керек. Және баспананың құны 10 млн теңгеден қымбат болмауы қажет.

Баспана мәселесі талқыланған жиында аймақ басшысы сала мамандарына құрылысы жүріп жатқан үйлер туралы ақпаратты жаңартып отыруға тапсырма жүктеді.

Жалпы БҚО -да "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында түрлі қаржыландыру көздерінің арқасында 485 мың шаршы метр баспананы салу жоспарланып отыр. 2020 жылы 9 көпқабатты үй мен ауылдық жерлерде 90-ға жуық баспана азаматтарға табысталмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.