Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бас полицей  Ерлан Тұрғымбаев Алматы қаласында орын алған оқиғаға қатысты пікірін айтты.

c 19:19, 27/08/2019 c 515

0:00 / 0:00

Бас полицей  Ерлан Тұрғымбаев Алматы қаласында орын алған оқиғаға қатысты пікірін айтты. Еске сала кетейік, күні кеше яғни тамыздың  26 күні таңғы сағат 5-те Алматы қаласында бір топ азаматтар арасында   жанжал туып, кейін бір тараптыңөкілдері өз қарсыластарын автокөлікпен  аяусыз, қасақана қағып, қылмыс орнынан қашып кеткен болатын. Жан түршігерлік бейне түсірілім әлеуметтік желіде тез  тарады. Зардап шеккен 2 адам Алматы қаласының №7 ауруханасына  түсті. Біреуіне  ашық бас сүйек-ми жарақаты, мидың жеңіл дәрежедегі жарақаты, бастың оң жақ сүйегінің сыну диагнозы қойылды. Жағдайы - орташа ауыр. Екінші науқас  жабық бас жарақатын алған, миы шайқалған. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Ал үшінші зардап шеккен азамат  Орталыққалалық ауруханаға жеткізілді. Оның сол аяғының тобығы, оңқолының шынтағы  сынған. Жағдайы орташа ауыр, деп  хабарлап отыр  Денсаулық сақтау басқармасы. Ішкі істер министрі Тұрғымбаевтың айтуынша, қазір ауруханада үш адам жатыр. Оларды көлікпен екі адам қаққан. Яғни, екі көлікте екі жүргізуші болған. Біреуі ұсталды.

 Ерлан Тұрғымбаев – ҚР ішкі істер министрі

-Екіншісін іздеп жатырмыз. Оқиғаға қатысушылардың бірі қамауға алынды. Ауруханада үш адам жатыр. Оның екеуінің аяқ-қолы сынған және бас жарақатын алған. Оларды көлікпен екі адам қаққан. Яғни, екі көлікте екі жүргізуші болған. Көліктер оқиға.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.