Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Барып қайт балам, ауылға

c 16:51, 18/11/2019 c 1151

0:00 / 0:00

Мемлекеттік қызметкерлерді ауылға жіберу керек. Бұл жайында  Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов  Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында айтты. Жиында ауылдың дербес бюджетін құру, экономикалық, қаржылық сауаттылығын арттыру қажеттігі сөз болды. Министр ауылды жерлерде әкімдікте жұмыс істейтін мамандар тапшы. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілерді "Дипломмен ауылға" бағдарламасына қосу керек дейді.

Барып қайт, балам ауылға. Бас экономист сықиған кастөм-шалбар, ақ көйлек киіп, қағазбасты жұмыс істеп, ақ саусақ болған мемлекеттік қызметшілерді ауылға жібермекші. Себебі ауылды жерлерде әкімдікте жұмыс істейтін мамандар жоқтың қасы. Өздеріңізге мәлім, жергілікті жерлерге дербес бюджет беру көзделіп отыр. Ал бұл орайда ауыл әкімшілігіне бюджетті жоспарлайтын мамандар қажет. Ресми мәліметке сәйкес, ауылдық әкімдіктерде 450 орын бос тұр. Ал мемлекеттік қызметшілер жалақының төмендігін сылтау етіп, ауылға барғысы келмейді. Министр Дәленов мемлекеттік қызметкерлерді ауылға тарту жолын, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы шешпек.

Яғни ауылға барған мемлекеттік қызметкерге жоғары жалақы төлеп, баспанамен қамтитын болады. Ал жыл сайын "Дипломмен ауылға" бағдарламасына республикалық бюджеттен 14 миллиард теңге бөлінеді. Келесі жылдан бастап қаржыландыру көлемі 20 миллиард теңгеге дейін өседі. Бұл ұсыныс депутаттардың көңілінен шығып отыр. Себебі, ауылды жерде бюджетті жоспарлау формалды түрде өтеді дейді мәжіліс депутаты Айзада Құрманова.

2020 жылдан бастап екі мың ауылға дербес бюджетін құруға мүмкіндік беру жоспары бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.