Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Барлық үйге жылу жетті

c 16:06, 13/10/2021 c 2254

Орал қаласындағы барлық көп қабатты тұрғын үйлерге жылу берілді. Бұл туралы «Жайықжылуқуат» АҚ мамандары мәлімдеді. Алайда шаһардағы бірқатар тұрғын үйлер әлі де болса жылыту маусымына дайын болмай шықты. Атап айтқанда редакциямызға хабарласқан Аманжолов 49/1 мекенжайындағы көп қабатты үйдің кәріз желілеріне қара күз түссе де жөндеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатырған көрінеді. Оған қоса Ет комбинаты ауданындағы үш үй мен Самар көшесі 32 және Назарбаев даңғылы 130-мекенжайындағы тұрғынжайларға жылу кеше қосылған. Ал Алмазов көшесі 58 А жатаханасындағы жағдай мүлде өзгеше. Үйге күтім жасайтын ПИК құрылмаған. Сәйкесінше әкімдік пен «Жайықжылуқуат» АҚ өкілдері жылыту маусымына дайындық шараларын бірнеше мәрте өткізгенімен үй тұрғындары енді ғана құбырларды жаңғыртуды қолға алыпты.Естеріңізге сала кетеміз осымен екінші жыл қатарынан жылыту маусымы уақытынан бұрын басталып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.