Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балабақша қызметі

c 18:21, 02/09/2020 c 642

0:00 / 0:00

Қазіргі таңда санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес барлық балабақшаларда тек кезекші топ жұмыс жасауда. Топтарда 15 баладан артық болмауы шарт. Мектепке дейінгі мекемелерде барлық санитарлық талаптар сақталуы тиіс.

Қазіргі таңда қалалық балабақшаларда 459 кезекші топ жұмыс жасайды. Кезекші топтарда 5 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Қазіргі карантин шектеулерінің енгізілуіне байланысты бір топта 15 баладан болуы шарт.

Балабақшалардың қызметкерлері таңертең тәрбиешілер мен балалардың дене қызуын өлшеп, медбике қарап алады,- дейді. Қазір "Шолпан" балабақшасында 3 кезекші тобы жұмыс жасайды. Мамандар ата-аналардан сұраныс келіп түссе, қосымша кезекші топтардың ашылатындығын айтады.

Орал қаласында 50 мемлекеттік, 65 жекеменшік балабақша бар. Қазіргі таңда 11 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Өткен жылы "Индиго" бағдарламасы балаларды кезекке қою үшін іске қосылған болатын.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.