Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бала қауіпсіздігі

c 19:55, 26/09/2019 c 827

0:00 / 0:00

16 жасқа толмаған балаларға митингіге шығуға тиым салу қажет. Сенатор Сәуле Айтпаева осындай ұсыныс жасап отыр. Депутат әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, бала құқығы туралы және митингілер туралы заңдарға балаларға 16 жасқа дейін митингіге шығуға тиым салу және ата-аналарға қатысты жаупаекршілікті арттыру нормаларын енгізу керек дейді. Наразылық шеруіне шыққан баласы үшін ата-анаға айыппұл салу ұсынылды.

Соңғы кезде елде жиі орын алып отырған наразылық шерулерде балалардың жүргенін көреміз. Митингі кезіндегі дау-дамай,  қоғамдық тәртіпті бұзғандарды жаппай арнайы көлікке тиеп әкетіп жатқан тәртіп сақшыларының әрекеттері балалардың зәресін алып жататын деректер де бар.  Сондай-ақ, әлеуметтік қолдау сұрап бас көтерген көпбалалы аналар да алаңға жөргектегі баласымен шығуға мәжбүр. Осы көріністер сенатор Сәуле  Айтпаеваға ой тастаған сияқты. Депутат халықаралық тәжірибедегідей 16 жасқа толмаған балаларға наразылық шерулерге шығуға тиым салуды ұсынады.

Айтпаева ханымның айтуынша, митингіге шыққан баласы үшін ата-ана әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынуы керек. Бала қауіпсіздігін қорғауға кіріскен депутат өзінің атына аналардан осындай өтініш келгенін айтады.

Сенатор ханымның мәліметінше, 8 кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып отыр. Соның ішінде «Әкімішілік құқық бұзушылық» кодексі мен «Бала құқығы» және «Митингілер туралы» заңдарға осы нормаларды енгізген жөн деп отыр депутат.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.