Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бақылаушылардың бағасы

c 18:36, 11/01/2021 c 680

0:00 / 0:00

Қазақстандағы сайлау барысын бақылаған халықаралық бақылаушылар жарыса өз бағасын беріп жатыр. Ендігі Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қортындылары шықты.  «Nur Otan»  - 71,9 пайыз дауыс, «Ақ жол» партиясы - 10,95 пайыз дауыс жинаса, Қазақстан Халық партиясы - 9,10 пайыз дауысқа ие болды. Ал  Ауылға - 5,29 пайыз дауыс,  «ADAL» партиясына - 3,57 пайыз дауыс бұйырыпты. Әзірге парламентке сол баяғы үш партия өтіп тұр.  Парламент Мәжілісіне өту үшін партиялар жалпы сайлаушылардың 7% жеті пайыз даусын жинауы тиіс.  Кеше өткен сайлауға қатысты Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Қазақстандағы сайлауға қатысты мәлімдеме жасады.

Қазақстандағы сайлау қалай өтті? Халықаралық бақылаушыларды әртүрлі себептермен сайлау участігіне жібермеу фактілері  орын алды. Кейбір сайлау учаскілерінде бейнебақылау камераларын жауып тастаған жағдайлар тіркелді. Сайлау күні наразылық шеруіне шыққан топтарды ұстап әкету де болды. Полиция 30 жуық адамды қамап тастап, кейін босатып жіберді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сайлауға берген бағасы көңіл қоншытпайды. Ұйым Қазақстанға бәсекелестік жетіспейтінін айтты. Бұл сайлау елге саяси реформалардың қажеттігін көрсетті. Техникалық жағынан Қазақстан жақсы дайындалған. Пандемияға байланысты барлық сақтық шараларын сақтаған. Дегенмен, ұзақ мерзімді жүйелік кемшіліктер сақталып отыр дейді бақылаушылар.

Ярослав Марчин – «Еқыұ» бақылаушысы «Өкінішке орай, біздің нұсқаулардың басым бөлігі үкіметпен назарға алынбаған. Мысалы, азаматтардың құқығын сақтау, сөз бостандығы, жиналып пікір білдіру жоқ. Біз өз есебімізде саяси партияларды тіркеуде кедергілер барын айттық. Сөз бостандығы бойынша ашық ойын айта алмайды. Сайлау алдындағы соңғы аптада  журналистерді, әлеуметтік желі қолданушыларды ұстады. Бұл бізді алаңдатады. Ал бейбіт шеруге шыққандарға құқық қорғау органдары тарапынан кедергілер жасалды »

Алайда, Қазақстандағы сайлауға оң бағасын беріп жатқан бақылаушылар да бар. Шанхай ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары сайлау барысында ешбір шағым түспегенін айтады.

Джан Хайджу – «Шыұ» бақылаушысы «Дауыс беру бірқалыпта, бектіліген тәртіппен, жерглікіті, халықаралық бақылаушылардың қатысуымен өтті. Бақылау жұмысы барысында миссия өкілдеріне шағымдар келіп түспеді»

Пандемияға қарамастан, сайлауға қатысып, өз таңдауын жасаған қазақстандардың саны 63 пайызды құрады. Ал дауыс бермегендерді саясаттанушылар, сайлауды мойындамағандар деп бағалап отыр.Не керек, қытымыр қыстың қақаған аязына қарамастан қазақстандықтар сайлауға келді. Орталық сайлау комисисясы сайлаудың алдын ала қортындысын да жариялап үлгерді.

Бұл жолғы сайлауға ел қазынасынан 15 миллиард теңге жұмсалды.Енді су жаңа парламент осы аптада жұмысына кірісуі мүмкін. Ал Үкімет отставкаға кетеді. Ел саясаткерлерінің болжамына сүйенсек, министрлер кабинетін қазіргі Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин тізгіндеуі мүмкін. Ал жалпы үкімет құрамы айтарлықтай өзгермейді дейді саясаттанушылар.

д теңге жұмсалды.Енді су жаңа парламент осы аптада жұмысына кірісуі мүмкін. Ал Үкімет отставкаға кетеді. Ел саясаткерлерінің болжамына сүйенсек, министрлер кабинетін қазіргі Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин тізгіндеуі мүмкін. Ал жалпы үкімет құрамы айтралықтай өзгеремйді дейді саясаттанушылар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.