Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Азық-түлік бағасы қымбаттады

c 17:48, 23/05/2022 c 467

0:00 / 0:00

Қос бүйірден алған қымбатшылықтың кесірінен қалтаға біраз салмақ түсуде. Бұрындары "қымбат" деп жүрген азық-түліктің бағасы қазір тіптен шарықтап шыға келді. Баға батырлар жырының кейіпкерлері сынды айлап емес, сағаттап өсіп жатыр. Бұған тіпті етіміз үйренгенге ұқсайды. Әкімдік 19 әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасын ұстап тұру үшін "Ақжайық" әлеуметтік корпорациясының сауда нүктелерінде азық-түлік саудасын ұйымдастырып келді. Бұл үшін бюджеттен 1,2 млрд теңгедей қаражат бөлінді. Мамандар бүгінде барлық қаражат игеріліп, сатып алынған тауарлар бітті,-дейді. Енді 19 әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасын ұстап тұру үшін қандай шаралар қолға алынбақ?
Базардағы баға күн сайын мың құбылады. Дүниежүзін шарпыған қымбатшылық елді де айналып өткен жоқ. Қазір халық тұтынатын тауардың бағасы шарықтап шыға келді. Мәселен, сөредегі картоптың бағасы 250-260 теңге болса, сәбіз бен қырыққабат, қиярдың бағасы 300 теңгеден сатылып жатыр. Сатушылардың өздері көкөністі қымбатқа сатып алып жатқанын айтады.

Атқарушы билік бұған дейін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру үшін "Ақжайық" әлеуметтік корпорациясы арқылы халық көп тұтынатын азық-түлікті тауар өндірушілерден сатып алып, арнайы дүңгіршіктерде саудалап келді. Қазіргі таңда барлық дерлік тауар сатылыпты.

Қазіргі таңда "Ақжайық" кәсіпкерлік корпорациясы бірінші сұрыпты нанның бағасын ұстап тұру үшін "Желаев нанмен" арнайы келісімшартқа отырды. Нан бағасының қымбаттауын болдырмас үшін 30 млн теңгедей қаражат бөлініп отыр. 19 әлеуметтік тауар арзан бағамен дүңгіршіктерді сатылуы үшін жаңадан келісімшарт жасақталуы тиіс. Алайда бұл келісімшартқа кімдер және қашан қол қоятыны бәймәлім.

Сурет https://24.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.