Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ажалдан аман қалған бүлдіршіндер

c 18:13, 31/01/2018 c 1237

0:00 / 0:00

Отпен ойнаймын деп өмірлеріне қауіп төндірген балалардың амандығын тілеген көпшіліктің тілегі қабыл болды. Бір ажалдан аман қалып, жансақтау бөліміне түскен бүлдіршіндер қазір ауруханадан өз үйлеріне шығып, алаңсыз ойнап жүр. Екі жарым және төрт жастағы Мадияр мен Темірлан өрт тіркелген күні үйде жалғыз қалған. Аналары жұмыста, ал әкесі жақын маңдағы емханаға отадан кейінгі жарақатын тандырып келуге шығып кеткен екен.
Егер көршілер келіп құтақрмағанда балалардың өмірін сақтап қалу қиын болар еді дейді дәрігерлер. Сол күні ағасының үйіне қонаққа келген балалар ауханасының дәрігері Гүлназ Қуаналиева бүлдіршіндерге алғашқы көмек көрсетіп, өз көлігімен ауруханаға жеткізген екен.
Қазіргі кезде аналары ортаншы және кенже ұлын көзден таса қылмайтын болған.

Өрт кезінде үйдегі дүние мүлік түгел жанып кеткен. Теледидар, диван, шкаф, тартылған төбе мен жөндеуден кейінгі үйдің сау тамтығы қалмаған.
Балалар өрт кезінде асханаға тығылып, аман қалған. Отбасы өздеріне көмек қолын созған барша жанға алғысын жаудырып отыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.