Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЗАПТАУЛАР БОЙЫНША 15 КҮДІКТІ БАР

c 19:11, 29/06/2022 c 865

0:00 / 0:00

Прокуратура қаңтар оқиғасына қатысқандарды азаптаған құқық қорғау органдарының 15 қызметкері күдікке ілініп отырғанын хабарлайды. Оның 9-ы қамауға алынған. Бұл жайында бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжілістің дәлізінде берген сұқбатында айтты.Оның айтуынша, қаңтар трагедиясы кезінде 232 адам қаза болса,түрмедегі азаптаулардан 6 адам көз жұмған.

Қаралы қаңтар трагедиясына қатысқандар бойынша тергеу ісі әлі жалғасуда. Оқиғаның орын алғанына алты ай болды. Прокуратура әлі күнге дейін қастерлі қаңтарда қаза болғандардың аты-жөнін ашық жариялай алмай отыр. Олардың неден, қандай жағдайда көз жұмғанын анықтап бірақ жарияламақ. Өздеріңізге мәлім, қаңтар оқиғасында бейбіт шеруге шыққандар ғана емес, мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған лаңкестер де болды. Еліміздің түкпір-түкпірінде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер барысында ғимараттар өртеліп, қаншама кәсіпкерлік нысандар қиратылды. Прокуратура қаңтар оқиғасы барысында 232 адам қаза тапқанын мәлімдеп отыр. Ал қаңтар оқиғаларына қатысты деп ұсталғандардың ішінде түрмедегі азапатулардан 6 адам көз жұмған. Сонда жалпы 238 адам қаза болып отыр.

Қаңтар оқиғасынан кейін азаптау фактілері бойынша құқық қорғау органдарының 15 қызметкері күдікке ілінді. Қазір оның тоғызы қамауда отыр.

Ал қалғандары бостандықта, оларға ел аумағынан шығуға тыйым салынған. Шындалиев тергеу әлі жүріп жатқанын айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.