Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауру жұқтыру өткен жылға қарағанда көбейген

c 17:31, 30/04/2021 c 942

0:00 / 0:00

Халық ауыл аймақта садақа өткізуді тоқтатуы керек. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің айтуынша, өңірдегі жағдай күннен күнге ушығып барады. Ал өзге мемлекеттерде эпидемиологиялық ахуал өте нашар. Облыс екі айға жуық уақыттан бері "қызыл" аймақтар тізімінде. Естеріңізге сала кетеміз, ертеңнен бастап облыста блокпосттар қойылады.Облыста карантиндік шаралар күшейтілді. Бұған өңірде індеттің өрши түсуі себеп болып отыр. Облыс бір айдан астам уақыттан бері «қызыл» аймақта. Ең бастысы- халық қозғалысын шектеп, ауру жұқтырғандардың тізбегін үзу қажет дейді мамандар. Сол себепті Орал қаласының кіреберісіне және Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі, Қазталов және Шыңғырлау аудандарында блок-бекеттер қойылады. Әзірге шектеудің қашанға дейін созылары белгісіз. Блокпосттар ертеңнен бастап Оралдағы 7 орында жұмысына кіріседі. Қала әкімі Абат Шыныбековтың айтуынша, жарық, жылу мен интернет бүгін кешке дейін толықтай тартылады. Жедел штаб отырысында БҚО ПД бастығы Махсутхан Аблазимов блокпосттарда қызмет ететін командананың жұмысқа сақадай-сай екенін жеткізді. Оған қоса блокпосттарда санитарлық дәрігерлер де кезекшілікте болады. ПД тарапынан екі ауысымда 143 тәртіп сақшысы мен 21 қызметтік автокөлік тартылады. Айта кететін тағы бір жағдай облыс аумағына өзге облыстардан немесе көршілес мемлекеттен кіретін жүк көліктері міндетті түрде Пцр тестінің қортындысы бойынша енгізілетіндіктен облыс орталығында еркін жүре алады. Аймақ басшысы ауыл әкімдері мен имамдардың садақа секілді азалы жиындар өткізбеуге күш салуын талап етті. Өйткені науқастардың 35 пайызы осындай басқосудан ауру жұқтырады екен. Сондықтан қаралы үйге көңіл айта келгендерге жағдайды түсіндіріп, карантин талабын сақтауды ескерту керек. "Үйге адам жинамай, садақаны көшеде де өткізуге болады", -дейді әкім. Облыстағы 17 инфекциялық стационардың тең жарымы науқасқа толған. Ал жыл басынан бері ауыр індеттен 107 адам көз жұмыпты.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.