Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аудан әлеуеті

c 18:01, 15/10/2019 c 611

0:00 / 0:00

Бүгінгі таңда Бәйтерек ауданында 529 адам пәтер кезегінде тұр. Биыл баспана кезегін азайту мақсатында ауданға қарасты Калинний ауылында 23 пәтерлік тұрғын үй азаматтарға пайдалануға берілді. Тұрғын үй "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының аясында салынған.

Биыл Бәйтерек ауданында жалпы құны 266 млн теңге құрайтын 23 пәтер өз иесін тапты. Қоныс тойын баспана кезегінде тұрған азаматтар тойлап үлгерді. Сондай-ақ, ауданға қарасты Поливное ауылында су тарту жұмыстары атқарылған, биыл аграрлық аудан өнімді жылдағыдан аз жинапты. Бұны жергілікті шенділер ауа райының қолайсыз болуымен түсіндіріп отыр.

Бәйтеректің жағдайын жақсартып, ауыл тұрғындарын көптеп жұмыспен қамту үшін бірнеше инвестициялық жоба іске қосылмақ. Олардың бірі қияр мен қызынақты өсіруге арналған. Жоба құны 13 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, Янайкино ауылында ет өнімдерін қайта өндіретін зауыт ашылмақшы.

Ауыз су мәселесі- қашанда өзекті проблемалардың бірі. Өткен жаз айларында Бәйтеректің бірқатар ауылдары ауыз сусыз қалғаны есімізде. Су жіберетін құрылғылар істен шыққан кезде, "Қазшушардың" өкілдері күрделі жөндеуден керектігін айтқан еді.

80 жылдық тарихын тойлаған ауданның келешекте құрған жоспарлары көп. Бәйтеректіктер 2020 жылы 9 елді-мекенге көгілдір газ тартып, Октябрь ауылын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.