Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ашық есік күні

c 19:03, 27/03/2018 c 816

0:00 / 0:00

Әкімшілік полиция басқармасында ашық есік күні болып өтті. Бұл күнгі кездесуге авто көлік жүргізушілері мен қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері қатысып, өз мәселелерін жедел түрде шешуге және сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік алды.

Авто көлік жолындағы қауіпсіздікті сақтау аса маңызды. Бұл орайда жол ережесіндегі өзгерістерден хабардар болмаған жан түрлі жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сол себепті ашық есік күнінде жүргізушілер заңнамадағы толықтырулар мен өзгерістерге қанықты. Жолдағы қауіпсіздікті сақтау үшін үнемі түрлі рейдтер өткізіліп тұрады. Жүргізушілер бірнеше маманмен жүздесіп, өз мәселелерін шешіп, сауалдарына жауап алды.

Шеттен келетін темір тұлпарлардың құжатына қатысты шаһарымызда түрлі кереғар пікірлер туындағаны рас. Мәселен Ресейлік нөмірлі көлікті тақымдаған азамат ресми түрде құжаттарын рәсімдеуге міндеттеледі.

Жол сақшылары жұмысын ашық та, жүйелі қалыпқа түсіру үшін аймақта парақорлықпен күрес күшейтіліп отыр. Айта кетейік, жаңа өзгерістерден жүргізушілерді хабардар қылу заңды тұрғыдан да сауаттылықты арттыра түсу үшін қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.