Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ашық есік күні өтеді

c 15:21, 18/01/2021 c 337

2020 жылы БҚО-да жатыр мойыны обырынан 20 науқас қайтыс болған. Бұл туралы онкологиялық диспансердің мамандары хабарлайды. Күні бүгінге дейін 700-ден астам адам диспансерлік есепте тұр. Жүз мың тұрғынға шаққанда жаман аурудың түрі адамдардың 3,2 пайызында анықталады екен. Дәрігерлер: "Жыл өткен сайын әйелдер арасында осы дерт үдеп бара жатыр",- дейді. Егер дерт ерте анықталса, ем-дом шаралары соғұрлым тиімді болатынын айтады. Дер кезінде ем тағайындау үшін әйел адамдардың денсаулығын тексеру мақсатында республика бойынша ашық есік күнін ұйымдастыру игі дәстүрге айналған. Аталмыш шара 23-ші қаңтарда өтпек. Мамандар азаматтарды сағат таңғы тоғыздан түскі бірге дейін тегін қабылдайды. 52-50-41 нөміріне қоңырау шалып, дәрігердің қабылдауына жазылуға болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.