Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ашық есік күні

c 16:43, 06/05/2019 c 1155

0:00 / 0:00

7 мамыр Отан қорғаушылар күні және Ұлы жеңістің мерекесіне орай 5517 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті. Салтанатты шараға Ұлы Отан Соғысының ардагерлері, әскерилер мен қала тұрғындары қатысты.

5517 әскери бөлімінде қос мерекенің қарсаңында ашық есік күні ұйымдастырылды. Әскерилер айтулы шараға тыңғылықты дайындалып, бұқара халықтың назарына әскери техникалар мен мылтықтардың алуан түрін ұсынған. Биыл әскери көліктер "Урал ВВ" атты темір тұлпармен толыққан. Жаңа көлік толықтай брондалыпты. Ол 17 адамға арналған. Темір тұлпар жолсызбен тіпті, батпақты да кешіп өте алады. Техника Ресейдікі. Шарада әскери көліктен бөлек, жауынгерлердің түрлі киім формалары мен қызметтік төбеттерді де көрсетілген еді.

Салтанатты шара сөз алған облыс әкімі Отан қорғаушылар мерекесінің тарихына толықталып, азаматтарды мерекемен құттықтады.

Шара барысында жауынгерлер қару мен түрлі дайындығын көрсеттіп, бұқара халықтың ықыласына бөленді.

Қос мереке қарсаңында қызметін мінсіз атқарған әскерилер "Мінсіз қызметі үшін" 1-,2-,3- дәрежелі медальдарымен марапатталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.