Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ашық бюджет

c 17:42, 21/10/2020 c 491

0:00 / 0:00

БҚО-да соңғы 3 жылда 7 млн теңгеден астам қаражат қолды болған. Бюджет қаржысын талан-таражға салған мамандар қыруар ақшаны қалтаға басып, қылмысқа барған. Қазіргі таңда 3 адам бюджетті жымқырғаны үшін заң алдында жауапқа тартылды. Халық салығынан түскен қаражаттың бөгде мақсаттарға жұмсалып, ұрланбауы үшін елімізде "Ашық бюджет" жобасы іске асуда.

Халық салығынан құралған бюджеттің талан-таражға түспеуі мен қолды болмауы үшін 2018 жылдан бастап "Ашық бюджет" жобасы іске асуда. Ең алдымен тың жоба елордада жүзеге асты. Қазіргі таңда еліміздің барлық мекемелері бөлінген мемлекеттік қаржы туралы есеп беріп, есем-қисаптарын арнайы сайтқа жүктеп қойған.

"Ашық бюджет" жобасы аясында облыста белсенді азаматтардан құралған арнайы топ бар. Олар мекемелердің мемлекеттік сатып алуын, қаражатын қалай жоспарлап отырғанын бақылап отырады.

Соңғы үш жылда БҚО-да бюджет қаражатын жымқырған үш дерек тіркелген. Қазіргі таңда мемлекеттік қазынадан бөлінген қаржыны қалтаға басқан қызметкерлер жауапқа тартылған. Ашық бюджет жобасы аясында да қылмыстар анықталып жатыр. Бюджетті бақылап, салықтың әрбір тиын-тебенін қоғам болып, бақылау өркениетті елдерде кең қанат жайған. Бұл үрдісті Қазақстан да қолға алды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.