Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Арықтар аршылуда

c 17:39, 18/02/2019 c 567

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында тасқынға тосқауыл қоюға жауапты қызметтегілер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Арық-атыздардағы қардан аршу және су өткізу құбырларын тазарту жұмыстары  тәулік бойы жалғасуда.  Өйткені өңірде су деңгейінің көтерілу қаупі бар. Өйткені казгидромед орталығы мамандарының таратқан ақпаратына сүйенер болсақ, наурыз айы жылдағыдан  +1 градусқа жылы болады. Сол себепті. Күн күрт жылынса, тасқыннан қатер төнуі мүмкін. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстарға жол пайдалану кәсіпорнының 300 ден аса қызметкері мен қосымша  60 техника жұмысқа тартылған. Ең қауіпті аудандарға:  Жұлдыз шағынауданы, Сарытау, Рабочая-2, сонымен қатар ескі қала, курени аймағы яғни жеке секторлар болып табылады. Күні бүгінге дейін қаладан 623 418  текше метр қар шығарылған.   Жергілікті тұрғындар болса  күн сайын жауын шашынның мол түсуіне орай, қар тазалу жұмыстарының кідіріп жатқынан куәміз дейді. Дегенмен қазір су қоймаларындағы мұздың көбесі сөгіле қойған жоқ. Дегенмен тасқынға тойтарыс беруге тиісті мекемелер әркез дайын екендерін айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.