Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әріптестеріміз құрметке бөленді!

c 17:56, 28/06/2018 c 893

0:00 / 0:00

Бүгін елімізде тілшілер қауымының мерекесі тойлануда. Байланыс және ақпарат қызметкерлерін төл мерекемен облыс басшысы Алтай Сейдірұлы құттықтады. Еңбегі өңірімізге ғана емес, елімізге де сіңген журналистер қатарында арнамыздың белді қызметкерлері де бар. Әріптестеріміз құрметке бөленді. Кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты шараға өңірдің белді тілшілері, ақпарат және байланыс саласының үздіктері шақырылды. Облыс басшысы Алтай Көлгінов барлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін мерекемен құттықтай отырып, бұл саланың маңыздылығын атап өтті
Салтанатты шараға жуырда ғана президент грантын ұтып алып, Елордада облыс мерейін асырып жүрген журналист Мейіржан Әлібекұлы да келді.Шара барысында сала үздіктері марапатталып, облыс басшысының атынан алғыс хатқа ие болды. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.