Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аралталдықтардың жағдайы

c 18:01, 29/08/2018 c 1263

0:00 / 0:00

Талай жыл бойы тағдырдың тауқіметін тартып келген Бестаулық ағайынға арнап, Ақсай қаласына тиесілі кенттен 100 отбасыға арналған тұрғын үйдің құрылысы жүргізілген еді. Өткен жылдың аяғында Бестау мен Березовка ауылының 100 жанұясы жаңа баспаналарына қоныс аударған болатын.

Бұл, бүгінгі Аралталдың кескін-келбеті. Өткен жылы Бестаулық және Березовка ауылының тұрғындарына арнап, 100 баспана бой түзеді. Бүгінде жаңа үйге қоныс аударған жандар Ақсайдың іргесінде кәсіптерін қолға алып, мемлекеттік гранттарға қол жеткізіп отыр.

Жаңа баспаға ие болған жандар "Үйімізге көңіліміз толады. Қыста жылы болды. Бүгінде ағаш отырғызып, бақша салуды көздеп отырмыз",- дейді.

Ал, мына Аралталдық тұрғын өз үйінің жанынан монша, көліктеріне арналған гараж салып, құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Бірақ, ауыл тұрғындары көктемде аулаларын су басқандығын айтып өтті. Осы мәселеге қатысты "КПО"БИБИ" компаниясының құрылысқа жауапты маманы мәселені былай деп түсіндіріп берді.

Өткен жылы Ақсай қаласына қарасты Аралтал ауылында 300 орындық мектеп ашылған еді. Биылғы оқу жылында су жаңа білім ордасында тұңғыш рет алғашқы қоңырау соғылмақ. Бүгін де ауыл мектебінде 150-ден астам оқушы білімдерін алады деп күтілуде.

Өткен жылы 100 отбасыға баспана тұрғызылған ауылда келешекте сауда үйі, бала-бақша, спорт кешені, дүкендер мен қоғамдық мәдени орталықтар бой түзеп, азаматтар үшін қызмет жасамақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.