Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Апатты үй, үрейлі өмір

c 16:54, 18/02/2020 c 566

0:00 / 0:00

Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 41 апатты, 200-ден астам ескі үй бар. Аталған үйлерде 1448 отбасы тұрып жатыр. Оcынау ескі үйлердің мемлекеттік бағдарлама аясында бүгінде 17-і бұзылыпты. Уақытша қоныстандырылған отбасы саны 104-ті құрайды. Алайда, қалған апатты деп танылған үйлердегі тұрғындардың жайы не болмақ? Апатты үйде үреймен өмір сүріп келеді. Сондай баспананың бірі- Жүнісова көшесінде орналасқан. Екі қабатты тұрғын үйде 6 пәтер бар. Үйдің тұрғындары апатты үйде күн кешудің қандай қорқынышты екенін бәрінен жақсы біледі. 131 жыл бұрын салынған баспана бүгінде қақырап әрең тұр. Жұрт жауын-шашында төбеден сорғалаған сумен алысса, қатты дауылда тіптен мазалары қашады. 2012 жылы апатты деп танылса да жөндеу жұмыстарын мүлдем көрмепті. Осы үйдің тұрғыны ақсақал бізді қоя берші, үйдегі балаларды айтсаңызшы. Үйінділер арасында қалып қояма деп қорқамыз дейді. Құзыретті мекемеге аяқтай барып жауап алдық. Ол жердегілер үйдің жағдайы бойынша құлақдар екендіктерін, мемлекет тарапынан қолдауды күтіп отырғандықтарын жеткізді.Шаһарымызда 2019 жылы 6 үй бұзылды. Орнына көп қабатты бірнеше үй тұрғызу көзделіп отыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.