Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аппараттық кеңесте көтерілген мәселелер

c 17:10, 31/01/2022 c 812

0:00 / 0:00

Биыл өңірде кем дегенде 15 мектептің құрылысы басталуы тиіс. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев аппараттық кеңесте мәлімдеді.Аймақта биылғы жылы 15 орта мектеп құрылысы аяқталуы тиіс. Өйткені бұл салаға бөлінген қаражат жеткілікті. Жоба бойынша барлық қажетті шаралар орындалған. Осылай деген аймақ басшысы Ғали Нәжмиденұлы басталған құрылыс жұмыстарының сапалы аяқталуына баса мән беру қажеттігін айтты. Кем дегенде бір құрылыс нысаны қолданысқа берілген соң халыққа 30 жылдан аса уақыт қызмет көрсетуі тиіс. Аппараттық кеңесте көтерілген тағы бір мәселе - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жәйі. Облыс әкімі атап өткендей көктемгі егіс науқанына дайындық шаралары бірінші сәуірге дейін толықтай аяқталуы тиіс. Оған қоса шаруаларға мемлекеттен берілетін жанар-жағармайды тасымалдаушы компания қажет жерге дейін жеткізуі керек. Биыл облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы - 521 мың га құрайды деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда дәнді-дақылдар 126 мың га болады деп күтілсе, оның ішінде күнбағысты 55 мың га дейін жеткізу жоспарлануда. Картоп 4020 га және көкөніс, бақша дақылдарын - 4885 га алқапқа егу жоспарда. Одан әрі 109 Call-орталығының жұмысы туралы мағұламат берілді. Ikomek қызметінің директоры Рақымғұл Айтмағамбетовтың айтуынша, бір жылда Call-орталығына хабарласқандар саны 150 мыңға жақындаған. Мәселен, өткен жылы түскен қоңыраулардың дені коронавирус инфекциясымен байланысты болыпты.Естеріңізге сала кетеміз, Ikomek қызметі арқылы коммуналдық мекемелердің байланыс қызметтері бір жерге тоғыстырылған. Мамандар тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн шағымдарды қарастырып, әр істің атқарылуын қадағалайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.