Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алматыда қаза болған подполковниктің денесі Оралға жеткізіледі

c 22:16, 12/01/2022 c 1836

Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасары подполковник Қайыров Сәндібек Ғалымоллаұлы мерт болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайты хабарлады. Ол басынан ауыр жарақат алған, денесі өртелген. Азаматтың жеке басын жетон нөмірі арқылы анықтапты. Жүргізілген медициналық сараптама кезінде марқұмның Сәндібек Хаиров екені расталған.

Сәндібек Ғалымоллаұлы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жайық ауылының тумасы. Көпбалалы отбасында дүниеге келген.
11.05.1982 жылы туған. Балабақшадан кейін 1989 жылы 1 сыныпқа қабылданып, 7 сыныпты бітіріп, Шымкент қаласындағы әскери мектепте оқуын жалғастырған. Өмірін Отан қорғауға арнап, әскери қызметкер болуды бала кезінен армандаған. 2000 жылы Орал қаласына отбасымен қоныс аударады. Ел тыныштығын сақтау жолында ерлікпен қаза болған батырды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең, 13 қаңтарда сағат 10:00-де Алматы қаласындағы офицерлер үйінде өтеді.

Елі үшін жанын қиған  батырдың жарқын бейнесі мәңгілік жадымызда. Бақұл бол!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.