Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алимент қарыз емес, парыз!

c 17:38, 19/09/2019 c 564

0:00 / 0:00

Орал қаласында балаларына 3 млн алты жүз мың алимент қарыз болған, азамат бір жылға сотталды. Бас бостандығынан айырылған әке 2015 пен 2019 жылдар аралығында сотпен міндеттелген алиментін төлемей келіп, сот орындаушылардың талап-тілегіне құлақ аспай, жұмысқа орналаспапты. Мойынындағы қарызын өтеу үшін жұмыстанбаған оралдық азаматтың жеке кәсібі болғандығы кейін, анықталып отыр. Яғни, алименттен жалтарып жүрген азаматтың компаниясында жалған бухгалтерлік құжаттарды өткізу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, 2017 жылғы рақымшылық актісінің қолдалуына байланысты қылмыстық іс тоқталыпты. 4 жылдай қос баласына көмектеспеген әкеге сот биылғы жылдың 10-шы қыркүйегінде бір жыл бас бостандығынан шектеу және 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылсын деген үкім кескен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.