Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әлеуметтік нысандар ашылды

c 17:23, 29/10/2019 c 932

0:00 / 0:00

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық университетінде "Сұңқар" спорт клубы ашылды. Аталмыш клуб оқу ордасының студенттері мен Зашаған кентінің тұрғындарына арналған. Спорттық нысан арнайы 7 бөлікке бөлініпті. Сондай-ақ, университетінің қабырғасында студенттерге арналған коворкинг орталығы өз жұмысын бастады.

Жәңгір атындағы БҚАТУ студенттері мен Зашаған кентінің тұрғындары үшін арнайы "Сұңқар" атты спорт клубы өз жұмысын бастады. Аталмыш әлеуметтік нысан жастар арасында сауалатты өмір салтын қалыптастырып, оны насихаттау үшін жасақталып отыр.

Университет жастары- аталмыш жаңашылдыққа дән риза. Олар нысан арқылы шымыр болып, спортты жанымызға серік қыламыз,- дейді.

Сондай-ақ, университет қабырғасында студенттерге қызмет көрсету орталығында жаңа қызмет іске қосылды. Енді оқу ордасының педагогтары, студенттер мен қызметкерлері керек анықтаманы алу үшін уақыт мен қаражатты үнемдей отырып, электронды үкіметтің шарапатын көрмек. Ол үшін әрбір орталыққа келген студент арнайы курстан өтіп, білімін жетілдіріледі. Салтанатты шара барысында білімін толықтырған жандар арнайы сертификатқа ие болды.

Соңғы жылдары қала мен аудандарда жастар үшін ашылып, жұмысын жалғастырып жатқан коворкинг орталығы БҚАТУ да ашылды. Аталмыш орталық 3 бөліктен тұрады. Нысан студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастырып, тәжірбие алмасуы үшін жұмыс жасамақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.