Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Әлемді көзбен емес, жүрекпен ұғынамын!"

c 00:00, 13/05/2015 c 940

0:00 / 0:00

Бүгін қаламыздың "Гагарин" балалар кинотеатры ғимаратында дәл осындай атаумен Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының оқушысы Жақсылық Төреғалиевтің жеке шығармасына арналған көрме көпшілік назарына ұсынылды. Мектеп ұясында тек білім мен тәрбие алып қана қоймай, адам баласы жанына сирек серік қылатын қабілет - бейнелеу өнеріне деген ынтызарлық, қызығушылық Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының оқушысы Жақсылық Төреғалиевтің бойынан табылуы, тылсым күш дерсін. Өйткені, қос жанарының нашар көруіне қарамастан, сан алуан тақырыпқа салған суреттері, көпшілікті бірдей таңдатпай қоймады. Бүгінде өз қатарластарының адында алды болып танылған Жақсылық Төреғалиев облыстық, республкалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанып үлгерді. Жас дарын иесі биылғы жылы да өлке атынан "Жұлдызай" республикалық жас дарын байқауына жолдама алып отыр. Көрме төрінде талапкер Жақсылықтың 30-ға жуық өнер туындысы ұсынылып отыр. Естеріңізге саламыз, көрме 23 мамырға дейін өз жалғасын таппақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.