Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақжол партиясы тыл ардагерінің үйіне барып, қолғабыс етті

c 17:14, 07/10/2019 c 1126

0:00 / 0:00

Орал қаласында Ұлы Отан соғысының зұлмат жылдарында жеңісті күнді жақындатқан тыл еңбеккерлерінің қарасы жыл санап сиреп бара жатқаны көңілге қаяу салары анық. Осыған орай, Отан үшін от кешіп, бейбіт күнді сыйлаған ата-әжелеріміз мәңгілік құрмет көрсету - парыз. Қазан - қайырымдылық айы аясында "Ақжол" ҚДП БҚОФ-ы Орал ақпараттық технологиялар колледжінің бір топ жастарымен бірлесе, тыл ардагері Любовь Плетневаның үйіне барып, құрмет көрсетіп, қолғабыс етті. «Ақжол» ҚДП БҚОФ-ның қолдауымен жүзеге асқан, «Жақсыллыққа бастар жол» жобасы көптеген игі істерді қолға алып келеді. Қаламыздағы Көкшетау көшесіне жиналған студент жастар, тыл және еңбек ардагері Любовь Плетневаның үйінің айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді. Бүгінде ерікті топ, ардагерлер мен қариялардың үйіне барып, жан-жақты көмек көрсетуді тұрақты түрде өткізуді дәстүрге айналдырып келеді. "-Енді зұлмат заман болмасын",- деген тыл және еңбек арадагері Любовь Плетневаның акцияға үн қосқан жастарға айтар алғысы шексіз. Сексеннің сеңгірінен асқан кейуана сұм соғыс жылдарында әр түрлі жұмыстарға араласып, бар еңбек жолын пошта саласына арнаған. Акция барысында белсенді топ мүшелері қазыналы қарттың жағдайын білді. Батасын да алды.Қайырымдылық айының құрметіне ерікті жастар қаладағы бірнеше қарияның үйіне барып, қолғабыс етуді мақсат етіп отыр. Олар үлкендерге әрдайым қол ұшын беріп, қамқорлық жасау - әр адамның басты міндеті деген пікірде.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.