Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Ақжайық» «Ска-Свердловск» командасын екінші рет ұтты

c 17:47, 09/02/2022 c 822

0:00 / 0:00

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін «Ақжайық» өз айдынында «СКА-Свердловск» командасымен екінші ойынын өткізді. Бұл кездесуде де Николай Шавалдиннің шәкірттері айқын басымдық көрсетіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын барысында екі рет мергендік танытқан ресейлік легионер Максим Пахомов биылғы маусымда соққан гол санын 30-ға жеткізді.
Сондай-ақ команда капитаны Максим Өтебалиев қос голдың авторы атанды. Ресейлік Сергей Башаев пен Александр Слугин қарсыластың қақпасына бір-бір доптан енгізді. Қонақтардан Алексей Снегирев қана гол соға алды.  Осы ойыннан кейін 27 ұпай жинаған оралдық клуб үшінші топта төртінші орынға көтерілді. «Ақжайық» келесі матчтарын Оралда 11-12 ақпанда негізгі қарсыластарының бірі - «Маяк» (Краснотурьинск) командасымен өткізеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.